Ұлытау ұлттық парк ретінде құрылады
Қазақстанда ерекше қорғалатын тағы бір табиғи аумақ пайда болады. Ұлт ұясы атанған Ұлытау ұлттық парк ретінде құрылады. Сүйінші жаңалықты экология министрлігі жеткізді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
08.12.2021
Президенттің тапсырмасымен құрылған жаңа парк Қарағанды өңірінде орналасқан. Облыс орталығынан 500 шақырымдай жерде жатыр. Көлемі 58,9 мың гектар. Мұнда Ұлытау, Әулиетау тауынан бастап, Жошы ханның кесенесі, Хан ордасы қамалы, Таңбалы тас саябағы сияқты ерекше нысандар бар. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жан-жануарлар мекен етеді.
Қазақстанда ең алғаш ұлттық парк Баянауылда 1985 жылы құрылды. Ал Ұлытау 14-ші мемлекеттік табиғи парк болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!