{metadescription}
Зейнетақы: Шекті межені көтеру 2022 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылады
Зейнетақы: Шекті межені көтеру 2022 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылады

Зейнетақы: Шекті межені көтеру 2022 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылады

Президент елдің талабына жауап берді. Бірнеше күннен бері зейнетақы жинағындағы шекті мөлшердің көтерілуі көптің қызу талқысына түскен болатын. Өйткені меже көтерілгендіктен азаматтардың басым көпшілігі ақшасын жарата алмай қалу қаупі туды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бұл бастаманы келер жылдың сәуір айына дейін шегеруді тапсырды.

Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты. Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Бұл мәселе бүгін Сенатта да қозғалған. Депутаттар зейнетақы жинағындағы шектік сомаға қатысты шешімді қайта қарауды ұсынды. Әйтпесе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жинақтағы қаржыны жарату туралы бастамасы жүзеге аспай қалады деді алаңдаған еді сенатор Нұрлан Қылышбаев.

Президент 2019 жылдың 2-қыркүйегіндегі халыққа жолдауында зейнатақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін білім алуға, баспана сатып алуға жаратуға мүмкіндік жасау керектігін айтқан болатын.

Нұрлан Қылышбаев, ҚР Сенат депутаты:

- Егер 2021 жылдың басында зейнетақы жинағындағы қаржысын жарата алатын азаматтар саны 700 мың болса, 2022 жылы нәбәрі 180 мың адам ғана. Өйткені шекті мөлшер ең егде жастағы салымшыларға 63 пайыздан, ең жасына 83 пайызға дейін өсті. Туындаған жағдай азаматтардың бағдарламаға деген сенімін азайтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде