Коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша дозасын салу әдісі өзгерді
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша дозасын салу әдісі өзгерді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұлай құбылуына әлемде қалыптасқан эпидахуал түрткі болыпты.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
09.12.2021
Енді 8-желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған азамат 9 ай емес, 6 айдан кейін үшінші дозаны ала алады. Сондай-ақ коронавируспен ауырып шыққандар да ревакциналануға тиіс.
Қазақстанда екінші қайта вакцина салу 22-қарашада басталған. Цойдың айтуынша, қазірге дейін 44 мыңнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы қосымша екпе алған. Ал еліміздің вакциналау құжатын бүгінде 24 ел таныпты. Сәйкесінше, біз де 24 мемлекеттің азаматын екпе қағазымен кіргізе аламыз. Алайда Ресей бүкіл норматив құжатты дайындап қойғанымызға қарамастан, Қазақстанның вакциналау құжатын әлі мойындаған жоқ. Келіссөздердің қай уақытқа дейін жалғасатынын министр Цой білмейді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Премьер-министрлер деңгейінде бұл мәселе талқыланды. Қазақстан тарапы 100 пайызға дайын, ал Ресей Федерациясында заңды тұрғыда реттеу жұмысы қаралуда. Серіктестеріміз вакциналау құжатын тану жақын күндері болатынын айтады, бірақ нақтысын біле алмадым. Қазақстанда барлық норматив құжаттар дайын тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!