{metadescription}
Субсидия: 40 миллиард теңге желге ұшқан
Субсидия: 40 миллиард теңге желге ұшқан

Субсидия: 40 миллиард теңге желге ұшқан

40 миллиард теңге желге ұшты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия бойынша осыншама қаражаттың ұшты-күйлі жоғалғанын мәлімдеді. Агросаладағы ең ірі жемқорлық ісіне екі мыңнан астам шаруа мен бірнеше шенеуніктің қатысы бар.

Кәсіпкерлер де баршылық. Қызметін шаруаларға ұсынып жүріп, олардың қитұрқылыққа барғанын антикор анықтапты. Ал осы іс бойынша қамауда отырғандардың жақындары жемқорлықпен күресіп жүргендерге қарсы шықты. Мемлекеттің қаржылай көмегі төңірегіндегі дауды КТК тілшісі анықтап көрді.

Бүгін елордада бір сағатта екі түрлі ғимаратта баспасөз конференциясы өткен. Екеуінің де мақсат-міндеті бір – жемқорлықпен күрес. Қаузалған тақырыптары да ұқсас. Субсидия. Антикор жемқорларды ұстағанын, ал қарапайым халық ақша жымқырмағанын дәлелмен айтып әлек.

Нұржамал Абылаеваның ағасы шаруа қожалықтарына күн панельдерін орнатумен айналысқан кәсіпкер. Ісінен нәсіп көремін дегенде шырғалаңға түсіп өмірінің астан-кестені шықты. Тергеушілер Жәнібек Абылаев күн панельдерін сату арқылы асыра пайда көрді деп есептейді. Кәсіпкер қазір уақытша қамауда, оның адвокаттары мен жақындары өз есебін жүргізіп, шындығын айтып, жар салды.

 Нұржамал Абылаева:

- Менің ағам Ұлттық аграрлық ғылым беру орталығының коммерциялық емес АҚ менеджері деп, онымен қоса үкімет қазынасынан аса ірі көлемде алаяқтық жасау арқылы өте жоғары бағамен күн сәулесі панельдерін сатып, қондырып берумен ақша жымқырды деген айып тағуда. Аталған мекемеде менеджер болып жұмыс жасамайды.Ағамның төртбұрышта қамауда отырып, психикалық стреспен нервісінің қажығанын байқадым. Заңсыз ұстап отыр менің ағамды, былай қарағанда.

Күн панелдердін 3 млн 100 мың теңгеге қондырған ақтөбелік шаруалар ешқандай есеп-қисап жүргізбегенге ұқсайды. Олар бұл істе өзін антикор мәлімдегендей, жәбірленуші ретінде санамайды. Мемлекеттік субсидияны тәңірден берілген сый деп пайдаланған. Екі жыл бұрын мына жерге жарық келіпті. Өркениет сол кезде басталғандай.

Ғазиз Сауытов, шаруа қожалығының басшысы:

- Мынау күн панельдері. 2019 жылы алдық, сол жылы төрт шаруашылықтың атынан бесеуін алдық. 2020 жылы үшеуін алдық. Өзіміздің келіскен бағамызға алдық. Үкіметтен субсидиямызды алдық. Антикордың жігіттері келіп сұрақтарын қойды. Сұрады, бәрін түсіріп көрсеттік. Сегізін де аралаттым. Ол жігіттердің сұрағы, қазақша айтқанда, «тырнақтың астынан кір іздеу» болып көрінді.

Шаруалар қазір мал баға жүріп өмірдің рахатын көріп отыр. Тамағы да  бұрынғыдай быршып кетпейді. Электр қуатының арқасында тоңазытқыштары қосулы. Ал антикордағыларға тоңазытқыш ұсақ болып көрінсе керек, олар жемқорлық фактілерін айсбергтің шыңымен теңестіреді.

Марат Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Тіркелген қылмыстық істердің барлығы  айсбергтің шыңындай ғана. Субсидия ісіне қатысты 62 қылмыстық іс қозғалып тергеліп жатыр. Бұл іске 2300 шаруаның қатысы бар.

Өзінің кәсіби мерекесі - Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде, Ахметжанов субсидияға қатысты қылмыстық істе әр пунктке тоқталды. Күн панелінің нығметін шаруалардан бұрын оны орнатқандар көрген екен. Әрине, жергілікті шенеуніктер де май шелпектен шет қалмаған.

Марат Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Жүргізілген талдаулар шаруалардың қылмыстық схеманың құрбаны болғанын көрсетті. Жеке кәсіпкерлер күн панельдерін жеткізу кезінде алаяқтыққа барған. Бизнесмендер өзі шаруаларға барып, олардың атынан өтінім мен қаржылық құжат рәсімдеген. Әрі қарай жүйеде электронды қолтаңбалары арқылы өзгерістер енгізіпті. Әр жабдықтың бағасы 3 есе өсірген, пайдасын қалтасына басқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазан айында ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты 3 қала мен 9 облыстағы жемқорлық ісін әшкерелеген. Жемқорлық дауына іліккендер жыл сайын бірдей схеманы пайдаланып, құжаттарға жалған электронды қолтаңба қойып, қалтасын қомпайтып отырған. Сиырды жалған таңбалармен шетелге заңсыз тасымалдаған. Осындай жылмысқы әрекеттен мемлекетке миллиардтаған шығын келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.