{metadescription}
Ақтау жұрты домбыраның зор дауысынан шошып оянды
Ақтау жұрты домбыраның зор дауысынан шошып оянды

Ақтау жұрты домбыраның зор дауысынан шошып оянды

Домбыраның дауысынан шошып оянды. Ақтауда техникалық ақауға байланысты тұрғындардың таңғы ұйқысы бұзылды. Қалалық әкімдік көшелердегі дауыс зорайтқышта күмбірлеген күйдің ойнауына қатысты пікір білдірді.

Таңғы сағат алты. Айнала тас қараңғы. Ақтау көшелерінде мүлгіген тыныштық. Күмбірлеген күй жарық шамдарының бағанасына орнатылған дауыс зорайтқыштардан шығып тұр. Бұл әуен қаланың төменгі және жоғарғы шағын аудандарының тұрғындарын түгел ұйқысынан оятты. Алайда жерге жарық түспей жатып күйді кімнің қосқаны белгісіз. Жауаптылардың айтуынша, аталған әуен алдағы мерекелерде қосылуы керек болған. Бірақ техникалық ақауға байланысты әкімдіктің тосын сыйын тұрғындар ерте естіп қойды.

Былтыр қала көшелеріне 40 миллионға 650 дауыс зорайтқыш құрылғысы орнатылған.

Ақыл Сағитжанова, Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің қоғаммен байланыс менеджері:

- Мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қосуды жоспарлағанбыз. Алайда техникалық ақау орын алды. Тұрғындардан кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта түрлі жанрдағы әуендерді кешкі мезгілде қосып қою жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде