Шыңжаң аймағынан жеткізілетін тауарларға тыйым салады – АҚШ
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Қытайдың Шыңжаң аймағынан жеткізілетін тауарларға тыйым салуды жақтап дауыс берді. Олар мұндай қадамның астарын мәжбүрлі еңбекті пайдаланып отыр деген болжаммен түсіндіреді.
Автор: Мақсат Мәлік
09.12.2021
Қабылданған заң бойынша Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданынан келетін импорт өнімдерді өндіру барысында адамдардың еркінен тыс еңбек етпегені дәлелденбесе, тауарлар Америкаға кіргізілмейді. Заңды жақтап 428 конгрессмен дауыс берсе, тек біреуі қарсы шыққан. Өкілдер палатасы Қытаймен сауда және экономикалық байланыстарға қатысты адам құқығын қорғамасақ, бұл бағытта әлем алдында сөйлеуге құқығымыз жоқ деген пікірде. Енді заң жобасы Сенаттың қарауына жіберіледі.
АҚШ заңнамасына сәйкес, мәжбүрлі еңбекпен өндірілген тауарларды елге тасуға тыйым салынған. Сондай-ақ Өкілдер палатасы кеше ресми Бейжіңнің Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да діни азшылыққа қарсы саясатын айыптайтын қарарды қолдап дауыс берген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!