{metadescription}
Еліміздегі бар кітапханалардың жағдайы мүшкіл
Еліміздегі бар кітапханалардың жағдайы мүшкіл

Еліміздегі бар кітапханалардың жағдайы мүшкіл

Еліміздегі кітапханалардың барлығының жағдайы мүшкіл. Мәселен, елімізде 4 мыңға жуық рухани орда болса, оның тең жартысында материалдық әлеует жоқтың қасы. Сондықтан кейбірі тіпті оқырмансыз қаңырап қалған.

Алайда  кітапхананы өз бетімен жаңартып жатқандар да бар. Алматы технологиялық университетінің 70 жылға жуық тарихы бар рухани ордасына биыл күрделі жөндеу жүргізіліп, ашылу салтанаты өтті. Мұнда кез келген адам миллионға жуық кітапты тегін оқи алады. 100 мың оқулықтың электронды нұсқасы жасалған.  Бүгіннен бастап өскелең ұрпақтың білім нәрімен сусындауына ешбір дүние кедергі болмайтыны анық.

Бахыт Төлекова, АТУ ғылыми кітапханасының директоры:

- Сыртқы электронды ресурстарға, оның ішінде Мәскеу, АҚШ және де басқа елдердің электронды қорына жазылғанбыз. Бірінші талап — студенттердің соны дұрыс пайдалануы. Ертең елімізден сауатты, білімді, білгір азаматтар шығу үшін кітапхананың бұл жерде үлесі зор.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.