{metadescription}
Алматы аниматорлары «Еркетай» кітабын мультфильмге айналдырды
Алматы аниматорлары «Еркетай» кітабын мультфильмге айналдырды

Алматы аниматорлары «Еркетай» кітабын мультфильмге айналдырды

Комикс мультфильмге айналады. Алматы аниматорлары «Еркетай» атты кітаптағы кейіпкерлерге жан бітіреді. Картинаның жарыққа шығуына мәдениет және спорт министрлігі мен  Ұлттық кинематографияны мемлекеттік қолдау орталығы көмек қолын созған. Туынды кішкентай көрермендерге көктемде жол тартады.

Комикс желісі қыс пен жаз рухтарының күресі аясында өрбиді. Бұл бақталастыққа Еркетай атты кішкентай кейіпкер еріксіз араласады. Сөйтіп өзінің батыр болғысы келетін арманын Жәнібек атты досымен бірге жүзеге асыруға кіріседі. Сол жолда талай шырғалаңға тап болады. Алматылық KHAN Comics студиясының аниматорлары туындыны жыл басынан бері қолға алған. Осылайша суреттерді сөйлеткендер мультфильмді 2Д форматта дайындап жатыр. Ұзақтығы 80 минут.

Аружан Қайратова, суретші:

- «Еркетай» мультфильмі «Хан комикс» студиясына ең алғашқы анимация жоба болып табылады. Және бұл мультфильм біздің еліміздегі анимацияның дамуына септігін тигізеді деген ойдамын. Жалпы бүкіл көрермендердің көңілінен шығып, кішкентай балаларға ұнайды деген ойдамыз. Үміттенеміз. Мультфильмде жаңа әлемді құрастыру, кейіпкерлермен олардың диалогын құрастыру, жұмысты алып қарасақ, ол өте қиын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.