Ақтауда өртенген автобустың ішінде адам болмаған
Ақтауда жол бойында өртеніп қаңқасы қалған автобустың ішінде оқушылар болмаған. Төтенше жағдайлар департаменті бұл апаттан ешкімнің зардап шекпегенін мәлімдеді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
10.12.2021
- Мынаның ішінде балалар бар дейді, қасқа ...
Әлеуметтік желіде желдей ескен видео көпшіліктің зәресін алды. Бірақ автобус ішінде ешкім болмапты. Тек көшеде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншілер жан-жаққа қашып үлгерген.
Оқиға қаладағы бірінші шағын аудандағы жолдың бойында кешкі сағат алты шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, ПАЗ маркалы жолаушылар автобусы көшеде кетіп бара жатқан жерінде өртенген.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бес минуттың ішінде өшірген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт автобустың қозғалтқыш бөлігінен тұтанған.
Жандос Кенжебаев, Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
- Өрт толық сөндірілді. Біздің қызметкерлер ішіне кіріп бәрін қарап шықты. Ешқандай адам, бала өлімі анықталған жоқ. Содан кейін біз автобустың иесімен сөйлескен кезде мәлімет берді. Өзінің жеке атвобусы екен. Қалаға шыққан кезде жолда атвобуста өзі болғанын растады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!