{metadescription}
Ақтөбеде шіріген картоп сатылғанын аймақ басшысы білмеген
Ақтөбеде шіріген картоп сатылғанын аймақ басшысы білмеген

Ақтөбеде шіріген картоп сатылғанын аймақ басшысы білмеген

Ақтөбеде көкөніс құнын арзандату үшін шенеуніктердің шіріген картоп сатқызғанын аймақ басшысы білмедім деп отыр. Бұған дейін облыс әкімдігіне қарайтын корпорациядағылар қазынаның қыруар қаржысына тұрақтандыру қорын картопқа толтырдық деп мақтанған еді.

Кейін дүкендерге арзан бағамен сату үшін жеуге жарамайтынын таратып берген.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

- Мұндай мәселенің туындауы өзімнің бақылауды дұрыс жүргізбегенімнен болып тұр. Барлық кемшілікті өз мойныма аламын. Сапалы өнімді жеткізіп, осы шаруаны атқаруға тиісті мамандар жүктелген жұмысты істей алмады. Тексеру жүргіземін.

Облыс әкімі азық-түлік сататын дүкенге көптен бері бас сұқпаған сыңайлы. Ал қарапайым тұрғындардың тұрақтандыру қорынан шіріген картоп сатып жатқанын айтып шағымданғанына бір айдан асқан. Осы уақытқа дейін ол туралы «түк білмедім» деп ақталды Оңдасын Оразалин. Енді осы мәселеге жауапты ауыл шаруашылығы басқармасы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясындағыларды жазалаймын деп отыр. Ал бюджет ақшасына сатып алынған шіріген картоп әлі дүкен сөрелерінде тұр. Бағасы бұрынғысынша, келісіне 84 теңге. Бірақ жеуге жарамайтын көкөністі көпшілік айналып өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде