Ақтөбе тұрғыны бронетранспортер сатпақшы болған
Ақтөбедеге жергілікті тұрғын әскери техника сатпақшы болған. Оның БТР-60 көлігін қайдан алғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.12.2021
Оқ өткізбейтін бұл техниканы тұрғындар қала шетіндегі карьерлердің бірінен көріп қалыпты. Әскери көліктің мұнда неғып тұрғанын түсінбей, тәртіп сақшыларына хабар берген. Тексеру кезінде БТР-дың сонда жұмыс істейтін инженерге тиесілі екені анықталды. Ол әскери техниканы 20 жыл бұрын сатып алған екен. Ішіндегі құрал-жабдығынан түк қалмапты. Сондықтан одан еш қауіп жоқ көрінеді. Дегенмен бронетехниканың ешбір құжаты жоқ. Оны жақында сатуға қойған.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Қажетсіз болғандықтан сатқысы келген. ҚР ҚК 306-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп, бронетранспортер Ақтөбе қаласының коммуналдық автотұрағына қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!