{metadescription}
Гимназияда қырғын жасаған Галявиев төрт баппен айыпты деп танылды – Қазан
Гимназияда қырғын жасаған Галявиев төрт баппен айыпты деп танылды – Қазан

Гимназияда қырғын жасаған Галявиев төрт баппен айыпты деп танылды – Қазан

Ресейдің Қазан қаласындағы гимназияда қырғын жасаған Ильназ Галявиев төрт бап бойынша айыпты деп танылды. Оның тергеу барысында ақыл-есінің дұрыс екенін сараптама анықтап, қылмыстық жауапкершілікке түпкілікті тартылу көзделіп отыр.

19 жастағы қылмыскердің өзі де кінәсін толық мойындаған.

11 мамырда Татарстан астанасында мектептердің бірінде 19 жастағы студент оңды-солды оқ жаудырған. Қайғылы оқиғадан 7 оқушы мен 2 мұғалім қаза болып, 20 шақты адам жараланған.

Ресейдің тергеу комитеті Галявиевтің деструктивті субмәдениетке еліктеп, қайғылы оқиғанын сценарийін ғаламтордан алғанын анықтады. Осылайша қандықол қылмыскерге екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды өлтірді, кісі өлтіруге оқталды деген баппен айып тақты.

Жарылғыш зат жасады және мүлікті қасақана бүлдірді деген баптар бойынша да сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сот келер жылдың қаңтар айында басталады. Ол тағылған 4 бап бойынша кінәлі деп танылса, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде