{metadescription}
Көнекөз шенеуніктер астананың бүгініне баға берді
Көнекөз шенеуніктер астананың бүгініне баға берді

Көнекөз шенеуніктер астананың бүгініне баға берді

Бүгін Арқа төсіндегі Ақмола – Қазақстан астанасы болғанына тура 24 жыл. 1997 жылы Тұңғыш президенттің жарлығы ресми түрде күшіне еніп, астана Алматыдан осында көшірілді.

Қазір Елбасының тарихи және тағдыршешті жобасы болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласы – әлемдегі ең жас астана және Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан шаһар. Жыл сайын қалада тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының қарқыны артып келеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен еліміздің бас қаласы жарияланған күнге орай, Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Тұңғыш президент-Елбасы кітапханасы рухани-мәдени шара ұйымдастырды. Елордада 24 жыл бұрын түрлі нысандардың бой көтеруіне, қаланың дамуына үлесін қосқандар бүгін Тұңғыш президент музейіне жиналды. Қаланың ең алғашқы билігінде болғандар мәдени орындағы экспонаттармен танысып тарихқа көз жүгіртті. Көнекөз шенеуніктер бас шаһардың бүгініне баға берді.

Светлана Жалмағамбетова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары (1992-2003 жж.):

- Астана құрылысы салынғанда бірінші шенеуніктер үшін салынған. Өйткені Үкімет үйі, парламент, анау-мынау деген сияқты. Жалпы халық тұруға аса жағдай қалыптасқан жоқ. Мен ойлаймын, жүре-жүре, қазір біздің қаламыз халықтың тұруына өте ыңғайлы қала болып бара жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде