{metadescription}
Қоғам қайраткерлері мен шетелдік сарапшылар еліміздің жетістіктерін жіпке тізді
Қоғам қайраткерлері мен шетелдік сарапшылар еліміздің жетістіктерін жіпке тізді

Қоғам қайраткерлері мен шетелдік сарапшылар еліміздің жетістіктерін жіпке тізді

«Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу». Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция осылай аталды. Еліміздің жүріп өткен қиындықтары мен жеткен жетістіктерін қоғам қайраткерлері, шетелдік сарапшылар жіпке тізді.

Конференция бүгінгі күнге арнайы жоспарланған. 10-желтоқсан тарихта Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев тікелей халық сайлауы арқылы билікке келіп ант берген күн болып жазылып қалды.

Бүгін Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып өзгерген күнімен сәйкес келіп тұр. 30 жыл ішінде еліміз талай қиындыққа төтеп берді. Қол жеткізген жеңісті күндер мен жетістіктер де жетерлік. Үкіметтегі шенеуніктердің сөзінше, әлеуметтің әлеуеті барынша артқан. Халықтың табысы 10 есе артып, жұмыссыздық деңгейі 13 пайыздан 5 пайызға дейін азайды. 20 жылдың ішінде халықтың саны төрт миллионға көбейіпті. Келелі жиын қатысушылары Тәуелсіздікке қосқан Елбасының ерен еңбегін елеусіз қалдырмады.

Дәурен Абаев, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

Тәуелсіздікті енді алған тұста Алтайдан Каспийге дейінгі алып аумағымыз болғанымен, шекарамыз шегенделмеген еді. Жеріміздің асты-үсті байлыққа толы болғанымен, оны өзіміз игеріп жатқан жоқ едік. Мүмкіндіктеріміз мол болғанымен, қоғамдағы шешілмеген түйінді түйткілдер одан да көп болған. Сол себепті азаттықтың таңы атқанда ел тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көреген саясаткердің ұстауы қазақтың бағы деуге болады.  Жасампаздыққа толы жылдардың бұл үлгісі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты арқылы бүгін де жалғасып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде