Ташкентте Magnum гипермаркеті ашылды
Енді Өзбекстан астанасында Қазақстандағы ең ірі сауда желісінің гипермаркеті бар. Сенбі күні Ташкенттегі алғашқы Mагнум дүкені ашылды.
Автор: Салтанат Шырынхан
13.12.2021
Еркін бос кеңістік, тауарлардың ыңғайлы орналасуы, жарық, интерьер, жеке кафе мен наубайхана – Ташкенттегі ең үлкен және заманауи «Mагнум» гипермаркетінде тәулік бойы қолжетімді.
Мұхтарам Зайнутдинова, зейнеткер:
- Бізге осындай ірі компанияның келгені жақсы. Бұған өзбек халқы риза. Қазақ халқына мың алғыс! «Магнум» – достығымыздың белгісі. Дүкен өте кең, ассортимент үлкен, барлық өнім жаңа.
Анасы мен қызы:
- Маған бәрі ұнайды. Мұнда таңдау үлкен, бәрін көргің келеді. Осында жарты күн жүрлім. Менің ойцымша, бұл керемет, өйткені ел дамып келеді, көптеген мүмкіндік, көптеген қызықты нәрселер бар. Жаңа өнім келеді, салыстыруға болатын нәрсе бар. Біз бәріміз көршіміз, доспыз, бұл өте жақсы.
Сөрелердегі тауарлар өзбекстандық, қазақстандық және шетелдік өндірушілер өнімі.
Азамат Османов, Magnum басқарма төрағасы:
- Өзбекстанның сыры – жергілікті. Қазақстандық өндірушілер мен жеткізушілер және әлемдік бренд тауар әр түрлі. Өзбекстандағыдай мол тауарды Қазақстанда да, Өзбекстанда да еш жерден таба алмайсыз. Бұл мүлдем бірегей ассортимент!
«Магнум» ашылуға екі жылдан астам дайындалды. Көптеген өзбек отбасыларында болып, бірқатар маркетинг зерттеу жүргізген. Өзбекстандық сатып алушылардың қалауын, әдеттерін, қажеттілігін зерттеген.
Асқар Мнайдар:
- Базарды зерттей келе, Ташкент тұрғындары негізгі сатып алуды базарлардан жасайтынын көрдік. Ал біз оларға ыңғайлы қызмет көрсеткіміз келді. Гипермаркетте тұтынушылар ыңғайлы жағдайда сауда жасай алады. Бұл дүкенде 20 мыңнан астам өнім қойылған. Біз өз тұтынушыларымызға ең жақсы бағаны ұсына аламыз. Өйткені біз гипермаркет форматында жұмыс істейміз. Бұл формат шығынды төмен деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
«Магнум» Өзбекстанға 20 миллион доллар инвестиция салып, 500 жаңа жұмыс орнын ашты. Бір жыл ішінде компания Ташкентте тағы екі гипермаркет пен бірнеше супермаркет ашуды жоспарлап отыр. Magnum-мен бірге қазақстандық азық-түлік өндірушілері мен бірнеше қазақстандық қоғамдық тамақтандыру брендтері Өзбекстан нарығына шығады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!