{metadescription}
Саяжай өртінде бір адам тірідей жанып кетті – Көкшетау
Саяжай өртінде бір адам тірідей жанып кетті – Көкшетау

Саяжай өртінде бір адам тірідей жанып кетті – Көкшетау

Көкшетауда саяжай өртеніп, газ баллоны жарылды. Оқыс оқиғадан бір адам тірідей жанып кеткен. Оңбай күйіп қалған екінші азамат ауруханада жатыр. 

Әсет Жақсылықов,Көкшетау қалалық ТЖБ бастығы:

Саяжайдағы өрт туралы хабар таңертеңгі сағат 10 шамасында түсті. 4 арнайы техникамен 16 өрт сөндіруші жұмысқа кіріскені сол еді, шатырда жарылыс болды. Онда газ баллоны жатқан. Құтқарушылар аман. 

Өрт сөндірушілер үйдің ішіндегі газ баллонды сыртқа шығарып үлгерген. Бірақ шатырда тағы бір баллонның сақталғанын ешкім білмепті. Жарылыстың екпіні қатты болып шатырды көкке ұшырған. Оның үстіне ағашы әбден кеуіп тұрған ескі үй шырпыдай жанған. Саяжайда пеш жағып тұрып жатқан екі азаматтың бірі сыртқа шыға алмай тірідей жанып кетті. Екіншісі қашып үлгерген. Шағын үйдің 30 шаршы метрі түгі қалмай жанып кетті. Қазір өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр. Өрт техникалық сараптама тағайындалды. 39 жастағы ауруханаға жеткізілген азаматтың жағдайы орташа ауыр.

Нұрлан Ермеков, жедел жәрдем фельдшері:

- Зардап шеккен азаматтың диагнозы бірінші дәрежелі термия-күйік. Беті-қолы күйген. Саусағында кесілген жара болды. Облыс ауруханасының  травматология бөлімшесіне жеткіздік.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.