Соңғы бір тәулікте 491 адам коронавирусқа шалдықты
Елімізде соңғы бір тәулікте 491 адам коронавирусқа шалдықты. Оның 90-ны Қарағанды облысында анықталып, аталмыш өңір көш басына шыққан. Мұндағы мамамандар ауырғандардың арасынан «омикрон» штамын іздеп жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
13.12.2021
Пандемия басталғалы бері елімізде КВИ дертін жұқтырғандар саны 1 миллионға таяп қалды. Қазір кеселден 21 мың адам ем алып жатса, 330 науқастың халі нашар. Ес-түссіз, жасанды дем алу аппаратында 64 науқас жатыр екен. Жағдайы ауырлағандардың арасынан бүгін 12 адам оянбай қалған.
Мамандарды кеселдің таралу көрсеткішінің күн санап азайып келе жатқаны қуантады. Мәселен, бүгін Жамбыл мен Ақтөбе облыстарында қауіпті кесел тек төрт адамнан ғана табылған. Ал Қарағанды облысында ауру деңгейінің азаймауы дәрігерлерді алаңдатып отыр. Сондықтан ақ халаттылар науқастар арасынан «омикрон» штамын да іздеуге кіріскен.
Юрий Залыгин Қарағанды облысы санитария- эпидемиологияны бақылау депатраментінің басшысы:
- Біздің облыс «омикрон» штамын геномды түрде іріктеуге арналған 6 сынаманы жібердік. Қазір олармен тығыз жұмыс жасалуда. Әзірге өңірімізде осы штамды бар немесе жоқ деп айта алмаймын. Зерттеу қорытындысы шыққан соң бірден хабарлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!