Түрме күзеті үлкен дәретке отырғызып, ұялы телефон «шығарды» – Қарағанды
Қарағанды облысында жазасын өтеуші колонияға ұялы телефонды тік ішегіне тығып алып кірмек болған. Алайда оның құпиясы рентген аппаратында анықталып, түрме күзеті оны үлкен дәретке отырғызды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
13.12.2021
-Шықты ма?
-Иә,
-Зараядкасы қайда?
-Енді ... зарядканы салмаймын ғой ...
-Е қайдан білейін ...
Колониядағылар телефон қуаттағыш құрылғыны да күткен еді, бірақ тік ішекте ол жоқ болып шықты. Бұл осыған дейін тергеу абақтысында болған азамат екен. Сот шешімі шыққан соң колонияға келген беті. Өзімен бірге байланыс құралын да ала келіпті. Алайда түрмеге кірерде рентген аппаратынан өту керектігін білмесе керек. Ақырында айласын әшкерелеген сотталушы 10 күнге тәртіптік изоляторға қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!