{metadescription}
Мемлекеттік наградаларды Елбасы да табыстады
Мемлекеттік наградаларды Елбасы да табыстады

Мемлекеттік наградаларды Елбасы да табыстады

Мемлекеттік наградаларды Елбасы да табыстады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына арналған марапатқа Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктестері ие болды. Сондай-ақ бизнесмендер, банкирлер, жазушылардың кеудесіне орден тағылды. 

Екі аяғының жоқтығына қарамастан Эвересті бағындырған Мәрия Әуезова бүгін Елбасы қолынан марапат алды. Пауэрлифтингтен спорт шеберіне биыл Нұрсұлтан Назарбаев қоры бионика протезін алып берген. Альпинист Тұңғыш президентке қолдауы үшін алғысын білдіріп, жаңа белестерді бағындыруға уәде берді. Марапат басқаларына да майдай жақты. Билік партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми, жазушы Дулат Исабеков, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдің еңбегі еленді. Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсімге қатысушыларды Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, айтулы мереке ел жетістіктерінің жарқын нышаны екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, ҚР Тұңғыш президенті:

- Баршаңызды ұлтымыздың ұлы мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен  құттықтаймын. Әр елдің өзінің Отанына деген сүйіспеншілігі Тәуелсіздіктен басталады. Тәуелсіздік барлық жетістіктеріміздің бастауы. Осыдан 30 жыл бұрын әлем картасында жаңа пайда болған Қазақстан бүгінде еңсесі биік елге айналып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде