ШҚО ормандарында күзет күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысындағы ормандарда күзет күшейтілді. Жаңа жыл қарсаңында қаланың кіріп-шығатын жолдарына бірнеше жерден бекет қойылған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.12.2021
Қазір орманшылар күшейтілген кестемен жұмыс істеп жатыр. Өйткені желтоқсан айында шырша саудасының қызады. Оның үстіне елімізде жалпы орман қорының төрттен үші – Шығыс Қазақстанда. Сондықтан таулы аумақтарды орманшылар қарда жүретін техникамен күзете бастады. Дегенмен аймақтағы 1,5 миллион гектар орман алқабын толық бақылау мүмкін емес. Сондықтан қорықшылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп сауда орындарын бақылауға алмақ. Өйткені кесілген шыршаның баратын жері тек базар. Әзірге өңірде заңсыз шырша кесу дерегі тіркелмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!