{metadescription}
КТК: Көшеде байқалмайтын шындық «Шанхай» сериалында ашылады
КТК: Көшеде байқалмайтын шындық «Шанхай» сериалында ашылады

КТК: Көшеде байқалмайтын шындық «Шанхай» сериалында ашылады

КТК-да премьера! Бүгіннен бастап эфирге арнаның өз өнімі «Шанхай» сериалы көрерменге жол тартады. Әдетте көшеде байқай бермейтін шындық сан қырынан ашылған туындыда есірткі мафиясымен күрес, қауіпті қылмыскерлерді ұстайтын арнайы операциялар мен лаңкестік шабуылдардың алдын алатын сәттер көрсетіледі.

Түсірілім тобының соңғы кездесуі. Соңғы кадрлар. КТК арнасы «Шанхай» атты жаңа жобаның жұмысын аяқтады. Көп бөлімді кино туындыда қылмыс әлемі және онымен күресетіндер туралы кеңінен баяндалады. Шығармашылық топ жетекшілері сериалдың қиюы келіскен сюжетке бай екенін айтады. Киноның өн бойында детектив, драма және экшн жанрдың көрінісі жетіп артылады.

Дмитрий Қырықбаев, режиссер:

- Біз көбіне арнайы құрылымның, яғни Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысына көбірек көңіл бөлдік. Себебі, сырттай бәріміз олардың қызметінен хабарсызбыз. Ал сериал барысында жігіттердің жұмысын әрбір үтір-нүктесіне дейін көрсетуге тырыстық. Олар есірткі суадасының жолын қалай кеседі, қандай бір лаңкестік оқиғаның алдын қалай алады, осының бәрін көрсете білдік ойлаймын.

Сериалдың негізгі желісі – есірткі. Сюжет бойынша Алматыда синтетикалық есірткі өндіру үшін қолданылатын тыйым салынған заттардың ірі партиясы жетеді. Сол сәтте арнайы қызмет мегаполистің қылмыс көп болатын Шанхай деп аталып кеткен ауданында мефедрон өндіретін зертханалар жұмыс істейтінін анықтайды. Ал қылмысты ашу және алдын алу міндеті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктеледі. Бұл ретте арнайы қызмет қылмыстық топ арасына өзінің агентін енгізеді.

Ақылхан Алмасов, актер:

- Бұл жердегі басты қиындық – қос рөлді сомдау. Жасырын агентсің. Яғни қарапайым бір полицейлердің басып алуын, төбелесетін сәттерін, қылмыскерлердің  алдында сасып қалмау үшін саған техникасын қойып бергендеріндей, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбаздары сияқты төбелесе алмайсың. Арнайы қызметте болған кезде де солай істей алмаймың. Екі түрлі тұлғаның рөлін сомдаудың қиындығы осында.

Қазіргі көрермен нені қалайды, соның бәрі жаңа сериалдың өн бойында тұнып тұр. Толықтай шытырман оқиғаға толы деуге негіз бар. Арнайы операциялар, төбелес пен атыс-шабыстың бәрін сериалдан табасыз. Ал актерлардың ойыны шынайы шығу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері сәт сайын кеңес беріп отырды. Шығармашылық топтың айтуынша, жаңа туынды әрбір көрерменді таң қалдырудан жалықпайды. Негізінде өміріңді қор қылудың, жасанды ләззат аламын деп бос өткізудің қажетсіздігін ескертеді.

Илья Садықов, актер:

- Менің ойымша, жастарға өнегелі дүние дер едім. Мүмкін олар осы кинодан соң есірткі қолданудың қажеті жоқ, қылмыстық істерден аулақ болу қажет деп ойлайтын шығар. Өйткені қылмыс жасаған адам ерте ме, кеше пе, әйтеуір жазаға тартылатын ақиқат.

«Шанхай» сериалы бүгін орыс тіліндегі жаңалықтардан кейін эфирге шығады. Ал шытырман оқиғалы драманың кейіпкерлерін бейсенбіден бастап сенбі және жексенбіні қосқанда кешкі 21:00-де көре аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде