Онлайн-диктантта озық шыққандарды бағалы сыйлық күтіп тұр
Ерекше үлгідегі онлайн диктант. Алматыда ғаламтор арқылы қазақ тілінің білгірлері бақ сынамақ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған игі шара мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған.
Автор: Мақсат Мәлік
13.12.2021
Диктант онлайн түрде бір күнде өткізіледі. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Арнайы ашылған сайт қосымшасына тіркелгендер белгілі жазушы Бейбіт Сарыбайдың шығармаларынан диктант жазады. Алдын ала таңдап алынған туындының үзінділерін танымал журналистер мен филологтар оқыған. Онлайн диктантқа қатысушылар соны тыңдай отырып, қазақ тілінен өз білімін тексеруге мүмкіндік алады. Ал сауатты жазуымен ерекшеленгендерді бағалы сыйлық күтіп тұр.
Гүлжанат Пірімбетова, шараны ұйымдастырушы:
- Диктант Stan.kz сайтында екінші рет өткізіліп жатыр. Мақсатымыз – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ тілділерді сауатты болуға шақыру. 15-желтоқсан күні барлық адам онлайн қатыса беруіне болады. Мәтіннің қай шығарма, қай бөлігі немесе қандай мәтін екені қазірге жасырын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!