{metadescription}
Алматыда утилизация алымына қарсы топ ерекше митинг өткізді
Алматыда утилизация алымына қарсы топ ерекше митинг өткізді

Алматыда утилизация алымына қарсы топ ерекше митинг өткізді

Алматыда утилизация алымына қарсы топ ерекше митинг өткізді. Ғимарат ішінде баннер іліп, қолына плакат ұстаған қоғам белсенділері басқа амалымыз қалмады дейді. Өйткені ондай төлемге жол жоқ деп қарсылық танытқандар сегіз рет бейбіт шеру өткізуге әрекет жасағанымен, рұқсат берілмеген.

Баспасөз мәслихатын митингке айналдырғандар утилизация алымы халыққа қарсы жасалған, қаржы тұрғысынан қитұрқысы көп жүйе деп есептейді. Себебі, бес жыл ішінде экология министрлігінің өтінішімен 579 миллиард теңге кәдеге жарату төлемі жиналыпты. Бірақ құны шарықтаған утилизация  төлемінің кесірінен көлік, ауыл шаруашылық техникасы мен қарапайым кабельдің бағасына дейін өсіп кеткен.

Азық-түлік, құрылыс, тасымал мен коммуналдық тарифтердің құны аспандап кетіп отыр. Белсенділер қазір утилизация алымына қарсы 160 мыңнан астам қол жиналғанын айтады. Алайда «еститін мемлекеттің» енжарлығы экономикалық талаптардан саяси шараға көшуге мәжбүрлеп отыр дейді олар.

Санжар Боқаев, саясаттанушы:

- Утилизация төлемін алып жатқанына бес жыл өтті. Енді жан-жақты талдау жасайтын кез жетті. Өйткені көлік деген қол жетпес арманға айналды. Қазақстанда көліктің 160 моделін өндіреміз деп мақтанамыз. «Соның бәрі қайда?» деген сұрақ мазалайды. Біз ақырына дейін тоқтамаймыз. Үкіметке шарт қойып бір ай уақыт береміз. Егер алдағы қаңтар айында қажет шешім қабылдамаса, біз ақпаннан бастап референдум өткіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.