{metadescription}
0:000:00
COVID-19: Науқас азайғанымен, өлім-жітім қысқармай тұр

COVID-19: Науқас азайғанымен, өлім-жітім қысқармай тұр

Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт азайды. Елімізде соңғы бір тәулікте тек 397 адамнан ауру анықталды. Ал індеттен жазылып шыққандар саны 640-қа жетті. Қауіпті кеселдің беті қайтқан соң, кей өңірлерде карантин талабы жеңілдетілуде.

Мәселен, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында шектеу шаралары біршама жұмсартылды. Тіпті жаңажылдық кеш ұйымдастыруға рұқсат берілген.

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Соңғы тәулікте тек екі-ақ адамнан індет анықталды. Дегенмен дәрігерлер босаңсуға болмайды дейді. Өйткені өңір вакцина салдырудан әлі соңғы орында тұр. Қазір инфекциялық стационарда жатқандардың көбі екпе алмағандар екен. Тіпті алты науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Оның екеуінің жағдайы ауыр.

Аманбек Жұмыров, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бір ай бұрын 57 адам болса, бүгінде 34 адамға, яғни 1,6 есе төмен. Оның ішінде жүкті және босанған әйел саны – 2, балалар – 2, қалғаны – ересектер. 25 адам оттегі көмегімен демалуда. Науқастардың орташа жасы 20,66.

Солтүстік өңірде де 37 адам жансақтау бөлімінде жатыр.Коронавирус жұқтырған 100 бала дәрігерлердің бақылауында. Олардың алтауы стационарда ем қабылдауда. Бұл аймақта өткен тәулікте 57 адам дертке шалдыққан. Соған қарамастан мамандар ертеңнен бастап карантин талаптарын жеңілдетпекші. Яғни енді екпе алған тұрғындар той-томалаққа емін-еркін бара алады.

Құмар Күсемісов, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Ертеңнен бастап шектеу шаралары жеңілдетіледі. Себебі, өңірде науқастар саны бәсендеп, екпе алғандардың қатары артты. Сондықтан  нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды. Бірақ бұл эпидемиологиялық ахуалды ушықтырмауға тиіс.

Шығыс Қазақстан облысында бір тәулікте 12 адамнан коронавирус анықталды. Қазір аймақ тұрғындары екпе салдырудан елімізде көш басында тұр. Сондықтан мамандар шектеу шараларын жеңілдетуге бекінген. Жаңа қаулыда Ashyq жобасына қатысатын нысандарға бірқатар өзгеріс енгізілді. Өңірде   санитарлық талаптарды сақтай отырып, мерекелік кеш өткізуге рұқсат берілді.

Бағлан Тауанова, ШҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы:

- Театр, кинотеатр, концерт залдары, филармония, цирк және компьютер клубтарында көпшілік жиналатын шара, қызмет көрсететін және  келушілерде «жасыл» статус болған кезде өткізуге рұқсат беріледі.Мәдени нысандарда «жасыл» статусы бар адамдарға дайындық өткізуге шектеусіз рұқсат берілген.

Елімізде өткен тәуілікте 397 адамнан індет анықталды. Ал 640 адам дертінен құлан-таза айығып шыққан. Науқас саны азайғанымен, өлім-жітім қысқармай тұр. Кешелі бері осы індеттен 15 адам көз жұмды. Тағы ес-түссіз жатқан 62 науқас жасанды дем алу аппаратына қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде