{metadescription}
Атырауда 13 жастағы қызды бұралқы иттер талап тастады
Атырауда 13 жастағы қызды бұралқы иттер талап тастады

Атырауда 13 жастағы қызды бұралқы иттер талап тастады

Атырауда 13 жастағы қызды бұралқы иттер талап тастады. Қазір 8-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қызының амандығын тілеген ата-ана «үстінде қалың киімі болмаса, қызымды иттер жеп қояр еді» дейді.

Кеше болған жантүршігерлік жағдайдан соң бүгін Атырау ауыл округінің тұрғындары бас көтерді. Тұрғындардың айтуынша, қаңғыбас иттер қорадағы малды қойып, енді адамдарға шаба бастаған. Ал олардың көзін құртуға заң рұқсат бермейді деп қапалы.

- Сау тамтығы қалмаған, арқасын бәрін тырнап тастаған.

- Мына иттерге шара қолданбаса болмайды. Құтырған иттер. Не масқара бұл!

Айкөркем Рамазанова қызыл іңірде қыздармен би үйірмесінен шығып үйіне беттеп келе жатқанда төрт ит шабуыл жасаған. Қасындағы құрбылары қашып үлгеріпті. Ал Айкөркемді айнала қоршаған бұралқылар әдбен жұлмалап, бет-терісіне зақым келтірген.

Гүлдана Қабасова, Айкөркемнің анасы:

- Мынау масқара ғой! Ана жерде бір адам келіп құтқармағанда, жағдай не болар еді?! Өліп кетеді ғой тіпті! Әкімдік қайда қарап отыр? Мына иттерді қарамай ма?! Ауылдың екі ортасында. Айдала болса екен. Мынау масқара! Адам өлу керек, сосын ғана бір нәрсе істеу керек пе?!

Дәрігерлер Айкөркемнің жағдайы орташа ауыр дейді. Ал жантүршіктіретін  оқиға болған жерде қаршадай қыздың киімі түтіліп, шашылып жатыр. Жерден қатып қалған қан ізін де көруге болады.

Ринат Әбуов, Атырау ауылы округінің тұрғыны:

Төрт ит жан жан-жағынан тартып жатыр. Ана қыз қызыл қан. Ұсқыны қаннан көрінбейді. Сосын мына жақтан көлік келіп қалды, Азамат. «Мына қызды танисың ба деп сұрадым, «иә, ауылдағы Ришаттың қызы» деді. Мен келмесем, аналар жеп қоятын түрі бар.

Осы оқиғадан кейін ауыл тұрғындары  бас көтерді. Ауыл әкімдігінің алдына жиналғандар құтырған иттерді атуға рұқсат беруді талап етуде.

Неге атпайсыңдар, не масқара?! Қайда қарап отыр әкім?!

Алайда ауыл әкімі төрт аяқты мақұлықтарды ата алмаймыз дейді. Өйткені жануарларды қорғаушылар мен блогерлерден әбден сескеніп қалған. Тіпті иесіз иттерді аулауға тұрғындар да жүрексінеді.

Төремұрат Ермек, Атырау ауылы округінің тұрғыны:

- Әкімнің айтқан әңгімесі: «аңшылар келгенде блогерлер бірге еріп келеді, сосын ата алмаймыз». Ит мәселесі жөнінде заңды білесіздер. Итке тас  лақтырып соғуға болмайды. Сотталып кетеміз.

Мөлдір Қарақұлова, Атырау ауылы округінің тұрғыны:

Таңертең сағат жетіде балалар, ата-аналар шығады. Қасымызға үлкен адам алып шықпасақ, мүмкін емес. 14-тегі баланы жетектеп мектепке апара алмаймыз гой, кешке сағат 8-де келіп алып кете алмаймыз. Әкесі-шешесі жұмыста жүреді. Кейбір ата-аналар емшектегі баламен үйінен шыға алмайды.

Тұрғындарға басу айтқан әкім ақырында «біз иттердің көзін құрта алмаймыз» деп кесіп айтты. «Әркім өз итіне ие болса, ешкім таланбас еді» деп ақталды.

Нұрлан Қалмурзин, Атырау ауылы округінің әкімі:

- Бұралқы итпен күресу мәселесі әкімшіліктің құзырында емес. Бізге бұралқы итпен күресуге қаржы бөлінбейді. Мәселен, 2020 жылы ветеринария басқармасы бар. Соларға құзырды беріп жіберген.

Ал ит ататындар да қазір құтырған жыртқыштарға қорған болатындардың көбейгенін жасырмайды. «Қит етсе камераға түсіріп, жұрт алдында қатыгез қылып көрсетеді» - дейді.

Ал Атырау ауылы округінің ата-аналары кешегі оқиғадан соң балаларын мектепке жіберуге жүрексініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде