{metadescription}
Ақтөбеде сыйақыдан қағылған автобус жүргізушілері наразылыққа шықты
Ақтөбеде сыйақыдан қағылған автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

Ақтөбеде сыйақыдан қағылған автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

Ақтөбеде сыйақыдан қағылған автобус жүргізушілері наразылыққа шықты. Автопарк басшылығына өкпелегендер жолға шықпай қойған. Соның кесерінен жолаушылар діттеген жеріне жете алмай, қоғамдық көлікті сағаттап күтуге тура келді.

Айбек Сағынов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- 30-40 минут сайын жүреді. Әсіресе аялдамалар істемей тұрса. Сыртта тоңып тұрасың. Ақыры такси шақырасың. Көп күтіп қалсаң да болмайды.

Қоғамдық көліктің азайғанынантакси қызметіне сұраныс артты. Таң атысымен автобусты күтіп шаршағандар жол бойында қол көтеріп көлік тоқтатуға мәжбүр.

Ал жүргізушілер наразылығын кешке бастаған. Сыйақыларының қиылғанын естігендері жолға шығудан бас тартқан. 37 автобусты гаражға қаңтарып қойыпты. Бүгін жүргізушілердің жартысы райынан қайтса, қалған 17 адам басшысына талап қойып жатыр. Автопаркттегілер жүргізушілерді жұмыс барысындағы кемшіліктеріне байланысты жазаладық деп отыр. Сыйақыны қиюға олардың электронды төлемақы қабылдамауы, бағыттан ерте шығуы себеп болған.

Ақарыс Тілеулесов, «Автопарк»  ЖШС директоры: 

Сыйақы мөлшері 10 мың теңгеден 40-50 мың теңге арасында қиылды. Ол тек мына жай дүниеден не істеп отырған жоқпыз, кішкентай ілік іздеп жатқан жоқпыз. Ол бір жүргізушінің бірнеше рет қайталауы, дөрекі жайттар. Мысалы, жолаушылардан шағым түсті деп айта аламын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде