{metadescription}
Шымкентте жар салып ашылған аялдамалардың есігі жабық тұр
Шымкентте жар салып ашылған аялдамалардың есігі жабық тұр

Шымкентте жар салып ашылған аялдамалардың есігі жабық тұр

Шымкентте аялдамалар асханаға айналып жатыр. Қалалық әкімдік «ақылды аялдама» деп жар салған қыста жылы, жазда салқын болуы тиіс нысандар жолаушыларға есігі жабық тұр.

Суықтан бүрсеңдеген  тұрғындар оны қиратып тастаймыз деп ашуланып жатыр.

Күлпаш Құттыбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

Адам отыруға салынған, мынау, иә? Жылы, қыста мұнда адам отыру керек, дұрыс па? Ал неге бұны жауып тастайды? Дүкен ашып тастапты. Бұл дүкен емес, жолаушыларға арнап істелген, дұрыс па? Теледидардан да айтты: ойбай, жылы соғып жатыр, жазда – салқын, қыста жылы болады деп. Аялдаманың жабық тұрғанына қарсымын. Бұзсақ қайтеді?

Пластиктен салынған, ішінде интернетіне дейін бар «ақылды аялдама» жазда бірер күн ашық болып, қалған кезде үнемі жабық тұрады екен. Ал аялдаманы жекеге берген Шымкент шенеуніктері «ақылды аялдамаларға» бюджеттен көк тиын шығарғанымыз жоқ деп отыр. Құрылысына 7 миллион теңге жұмсаған жеке инвестор аялдаманың бір бұрышына кәсіп ашып, есесіне бүкіл аумақты таза ұстауға тиіс болған. Сондықтан атқамінерлер: «Егер халық жабық тұрғанына қарсы болса, қазіргі аялдаманы сүріп тастап, орнына сондай тағы біреуін саламыз» - дейді.

Мақсат Туғанбай, Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының бөлім басшысы;

Аялдама бірнеше рет вандализмге ұшыраған. Мысалы, терезесі сындырылды және вай-фай құрылғылары ұрланды. Оның ішінде кондиционер бар, бейнекамера бар, лэд экран. Солардың бәрін сақтау үшін аялдама жабық тұрды. Қазір екі күнде инвестор тарапынан аялдама қалпына келтірілетін болады, тапсырма берілді. Егер ол тапсырма орындалмаған жағдайда аялдаманы алып тастаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде