{metadescription}
Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілді – Қарағанды
Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілді – Қарағанды

Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілді – Қарағанды

Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы енді ресми түрде Әлихан Бөкейхан есімімен аталатын болды. Қаладағы ірі ауданға ұлт көсемінің атын беру мәселесі жылдар бойы көтереліп, түрлі сылтаумен ауыстырылмаған еді.

Осыдан бірнеше жыл бұрынғы қоғам тыңдалымдарында бұл мәселеге қарсы шыққандар аз болмады. Қызылкеңірдек болғандардың көбі кеңестер заманын аңсаған егде коммунистер. Кейін басым дауыс жиналғанымен, пандемияға байланысты ұлы тұлғаның есімін ауданға беру ісі тағы кейінге шегерілген. Ақыры ұлт көсемінің 155 жылдығы қарсаңында мәселе түбегейлі шешілді. «Октябрь» жазбасы су жаңа «Әлихан Бөкейхан» есіміне алмасты. 1938 жылы қаланған аудан 1961 жылға дейін «Сталин» деп те аталған. Ауданда 280 мыңнан аса адам тұрады.

Темірғали Көкетай,  физика-математика ғылымдарының докторы: 

Әлихан Бөкейхановтың аты енді мәңгіге қалады. Бүкіл бала-шағамыз осы ауданнанбыз деп мақтанатын болады. Бүкіл қазақ халқы, Қарағанды халқы мен аудан халқы көкірегін кернеп қуанып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде