Кезінде Алматыда тұру түгілі, туысың болғаны бір бедел еді – КТК, деректі фильм
Өзгелер үшін Алматы – айналасын қоршаған жасыл желек пен Алатаудың баурайында орналасқан әсем қала. Ал халқымызға – Тәуелсіздіктің нышаны. Егеменді ел болып қалыптасу жолындағы ең маңызды оқиғалар Алматыда болған.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
14.12.2021
16-желтоқсан күні КТК арнасында тарихы тереңде жатқан Алматы туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.
Кезінде Алматыда тұру түгілі, туысыңның болғаны бір бедел болатын. Зәулім үйлер мен биік ғимараттар көздің жауын алады. Көне құрылыс адамдар сияқты жадында арпалысқа толы тарихты сақтап келеді: ереуілдер мен бұқараның базынасы, маңызды саяси отырыстар мен реформалар.
Бұл шаһар өз тарихында республиканың бүкіл саяси, мәдени өмірін шоғырландырды. Қазақстанның тәуелсіздігі де Алматы қаласында жарияланған. Сол уақыттан бері көк туымыз талай елдер мен мемлекеттерді шарлап шыққаны анық. Шаһарымыздың бастан өткерген тарихы және жерасты құпия жерасты жолдары мен бункерлер, қаланың ең биік нүктелері осы туындыда көрсетіледі.
Тұңғыш президент қалай сайланды немесе алматылықтар үйінен мыңдаған шақырым қашықтықта бір-бірін қалай танып қоятын?
Журналист Александр Подойниковтің деректі фильмінде осы бейсенбі күні кешкі сағат 10-да көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!