{metadescription}
АҚШ Қазақстанға Pfizer-дің екі миллион дозасын беруге дайын
АҚШ Қазақстанға Pfizer-дің екі миллион дозасын беруге дайын

АҚШ Қазақстанға Pfizer-дің екі миллион дозасын беруге дайын

АҚШ билігі Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасын жіберетін болды. Ресми Вашингтон Ковид-19-ға қарсы вакцинаның екі миллион дозасын беруге дайын.

АҚШ-тан жеткізілетін тегін препараттардың нақты кімдер үшін әкелінетіні туралы біздің дипломаттар да, ресми сапармен Нұр-Сұлтанға ат басын бұрған АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі де нақты ашып айта алмады. Белгілісі, елімізге Moderna және Johnson & Johnson вакциналары да әкелінуі мүмкін.

Қазір Қазақстанда Pfizer халықтың жекелеген санатына, атап айтқанда, жүкті әйелдер, емшектегі баласы бар аналар мен жасөспірімдерге салынып жатыр. Бірінші компонентін 195 мыңдай адам қабылдады.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың америкалық препаратты ақылы түрде салдыра алатынын айтқан. Ол қауіпті індеттен сақтап қана қоймай, АҚШ шекарасынан өтуге мүмкіндік бермек.

Америка отандық QazVac және ресейлік «Спутник V» вакцинасын мойындаған жоқ. Бірақ еуропалық және қытайлық вакциналарды қосқанда, жеті екпені АҚШ билігі мақұлданған.

Дональд Лу, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі:

- Менің ойымша, Қазақстанға көмектің қажеті жоқ, өйткені өз вакцинасы бар. Алайда АҚШ-қа кіріп-шығудың жаңа ережелеріне сәйкес, вакцинаның кей түрлері рұқсат етілген. Сондықтан гуманитарлық көмектің септігі тиеді деген ойдамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде