{metadescription}
Он жұмыртқа 320 теңгеден сатылады деп бекітіп қойыпты
Он жұмыртқа 320 теңгеден сатылады деп бекітіп қойыпты

Он жұмыртқа 320 теңгеден сатылады деп бекітіп қойыпты

Еліміздегі құс фабрикаларының қожайындары да жұмыртқа бағасын арзандатуға уағдаласты. Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы он дана жұмыртқа 320 теңгеден сатылады деп бекітіп те қойыпты.

Алайда базардағы баға сол күйі. Делдал мен сатушылар қауымдастықты пысқырмаған да сияқты.

Максим Божко, Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының Президенті:

- Бірінші санаттағы 10 дана жұмыртқаны  фабрикадан 320 теңгеден сатуға еліміздегі құс фабрикаларының барлығы дерлік келісті. Желтоқсанның алғашқы он күндігінде осы бағамен сатыла бастады. Ал делдалдар мен сатушылар қаншадан саудалайтынына біз жауап бере алмаймыз.

Фабрикада көтерме баға әлдеқайда төмендегенімен, базардағы баға өзгермеген. Көкшетауда жұмыртқаның 10 данасы 430-480 теңгеден сатылып жатыр. Ал Маңғыстау облысында жазда бір данасы 30-35 теңге тұратын жұмыртқа қазір 50 теңгеге бір-ақ көтерілген. «Мұның өз себебі бар», - дейді сатушылар. Себебі, мұнайлы аймаққа азық-түліктің 80 пайызы көрші елдер мен еліміздің өзге облыстарынан тасымалданады. Сондықтан сатушылардың өзі қымбат бағаға келген өнімді арзанға сата алмаймыз деп отыр. Тұрғындар  қолдан келгенше әлеуметтік азық-түлік бағасын арзандатса дейді.

Раиса Сыйхова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Азық-түлік удай қымбат. Жазда жұмыртқаның бағасы 35 теңге еді. Қазір үйдің қасындағы дүкеннен 55 теңгеден алдым. Неліктен бағасы көтеріліп жатыр? Бағаның төмен түскенін қалаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде