{metadescription}
Іздеуде жүрген Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузияда тұтқындалды
Іздеуде жүрген Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузияда тұтқындалды

Іздеуде жүрген Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузияда тұтқындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары Грузияда тұтқындалды. Құқық қорғау орындары оны экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.

Қайсар Сарытай екі жылға жуық уақыт қала әкімінің орынбасары болған. Ол экономика және бюджеттік салаға жауапты еді. Былтыр медиаорталыққа 79 миллион теңге негізсіз аударылды деген дау шыққан. Артынша әкімнің экс-орынбасарының қызметтен босап, тіпті елден қашып кеткені айтылды. Соған қарағанда бұрынғы шенеуніктің аталмыш іске қатысы болу мүмкін деген күдік бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мән-жайды тәптіштеп түсіндірмеді. Бірақ күдіктіге қатысты екі баппен іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.