{metadescription}
Ақтөбеліктер жаңа жылды қарсыз қарсы алуы мүмкін
Ақтөбеліктер жаңа жылды қарсыз қарсы алуы мүмкін

Ақтөбеліктер жаңа жылды қарсыз қарсы алуы мүмкін

Ақтөбеде қыс қатты болмайды. Тіпті тұрғындар жаңа жылды қарсыз қарсы алуы да  мүмкін. Онымен қоса сынап бағанасы минусқа түспейді деп отыр синоптиктер. Соңғы рет мұндай жағдай 26 жыл бұрын болған екен.

Әдетте Ақтөбе облысында қарашаның ортасында жауған ақ ұлпа тізеден асып, желтоқсанның ортасында сақырлаған аяз тұратын. Биыл бәрі керісінше. Ауа райын болжаушылар жылдан-жылға климаттың өзгеріп жатқанын айтады. Былтыр дәл осы уақытта қардың қалыңдығы, ең аз дегенде облыс бойынша 11 сантиметрге жеткен. Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында да осындай жағдай. Ол жаққа қарашадағы қардан соң ылғал түспепті.

Елена Благодарь, Казгидромет мекемесінің бөлім басшысы:

Соңғы рет мұндай ауа райы Ақтөбеде 1995 жылы болған. Желтоқсан айында қардың қалыңдығы 11 сантиметрден асып, сынап бағанасы 12 градусқа дейін аяз болуы керек еді. Ал биыл күн жылы. Әзір қар жауады деген болжам жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде