{metadescription}
Таразда өртте екі баласынан айырылған ерлі-зайыптылар баспанасын әлі рәсімдей алмай жүр
Таразда өртте екі баласынан айырылған ерлі-зайыптылар баспанасын әлі рәсімдей алмай жүр

Таразда өртте екі баласынан айырылған ерлі-зайыптылар баспанасын әлі рәсімдей алмай жүр

Таразда жалдамалы үйінен өрт шығып екі баласынан бірдей айырылған ерлі-зайыпты әкімдіктің жарияға жар салып тұрып берген баспанасын өз атына рәсімдей алмай жүр. Әкімдіктегілер кезінде отағасының жанып кеткен құжаттарын да қайта жасап береуге уәде беріпті. Ол да сол күйі орындалмаған.

Енді жергілікті билік бұл баспана о баста уақытша берілген деп ат-тонын ала қашып отыр.

Ерлі-зайыпты Ринат пен Айжанның жалдап тұрып жатқан үйінен былтыр өрт шығып үш жарым және екіден енді асқан екі баласы тұншығып өлген. Қоғамды дүр сілкіндерген оқиғадан кейін қала әкімдігі қара жамылған отбасыға бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстапты. Тіпті осы баспана басы бүтін сіздерге беріледі деп айтқан. Бірақ биыл бұл сөзінен айнып қалған сияқты.

Ринат Сұлтанов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Басында Садубаевтың өзі келді, кілт берді. «Бұл үйден сіздерді ешкім шығармайды, осы жерде тұрасыңдар, кейін үйді өз аттарыңа өткізіп береміз», - деді. Кілтті берді, суретке түсірді, кейін бұл үйдің қожайыны болып шықты.

Ринат атқамінерлердің көзбояушылық жасағанын енді түсіндім дейді. Ол былтырдан бері әкімдіктің табалдырыған тоздырумен жүр. Бірде-бір шенді шаруасын шешіп беруге құлық танытпаған. Билікке қатты өкпелі азамат пәтердің иесі басқа екенін өзі анықтапты. Енді ол «үйді босат» десе, қайда барамын деп уайымдап отыр.

Ринат Сұлтанов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Үйдің қожайыны қарап отырмайды ғой. Бір күні осы үйдің қожайыны шығыңдар дейді. Ол балалар үйінен шыққан, сол үйді соған берді ғой.

Жеті жыл бұрын Өзбекстаннан қоныс аударған азамат былтырға дейін ықтияр хатпен жүрген. Оның бүкіл құжатын тілсіз жау күлге айналдырған. Әкімдік оған азаматтық әпереміз деп те уәде етіпті. Алайда ол да аяқсыз қалған.

Айжан Орынбаева, Тараз қаласының тұрғыны:

- Жәрдемақы бер деп осы күнге дейін айтқан емеспін. Тек күйеуімнің құжатын дұрыстап берсе, өз күнімізді өзіміз көреміз. Сол үшін бір жылдан бері наразы болып жүрміз.

29 жастағы әйел «біздің мұңымызды ешкім тыңдамайды» деп күйінеді. Ал жергілікті билік қара жамылған отбасыға пәтер уақытша берілген деді.  Ешбір санатқа жатпайтын ерлі-зайыптыға баспана беру заңға томпақ екен. Ал сол кезде неліктен өтірік уәде берілді деген сауалға ешкім жауап бере алмады.

Асхат Есеналиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Кім не айтқанын білмеймін. Мен болатын нәрсені болады, болмайтын нәрсені болмайды деп айтамын.

Садубаев уәде берді ғой.

Енді мен Сабудаев үшін жауап бермеймін ғой.

Ол жерден сіздерді кім қуып жатыр?

Билікке алданып қалғанын енді түсінген ерлі-зайыпты бел кеткенше беріспеуге бел буған. Олар енді Нұр-Сұлтан қаласына барып Президенттен көмек сұрамақ.

Былтыр қазан айында үйден өрт шығып, екі бүлдіршін ысқа тұншығып ажал құшқан. Үйдің үлкен 8 жастағы қызы мектепте болып аман қалған. Ал 29 жастағы келіншек сол қаралы күнен бес ай өткен соң ұлды болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде