КТК ұсынады: Бұрынғы үкімет үйінің құпия бункері ...
70 жыл еліміздің астанасы болған Алматының әрбір ғимараты тұнып тұрған тарих. Оңтүстік астанада болған айтулы оқиғалардың куәгерлері шаһардағы ескі нысандардың өткені мен бүгіні туралы Тәуелсіздік күніне орай КТК арнасы ұсынатын деректі фильмде сыр шертеді.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
15.12.2021
Еліміздің ең маңызды оқиғалары Алматыда өткен және кез келген ғимараттың жадына жазылғандай. Қабырғаларға тіл бітсе, қарбалас тіршілік пен жанталас өмірдің бейнесі туралы боямасыз айтып берер ме еді?
Алайда еркіндік пен бостандық таңы атып, көп күттірмей көк туымыз көк аспанда желбіреп шықты.
Кезінде жарнама көрсететін қаланың ең биік нүктесі мен бұрынғы үкімет үйінің құпия бункері орналасқан ең төменгі жерін көретін боласыздар.
Алматы қаласында кісі аяғы көп жүрмейтін жерлер мен елімізге маңызды оқиғалардың ара-жігін ажарытып беретін журналист Александр Подойниковтің деректі фильмін ертең кешкі сағат 10-да тамашалаңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!