{metadescription}
Алматыда ашылған InterContinental отеліне – 25 жыл
Алматыда ашылған InterContinental отеліне – 25 жыл

Алматыда ашылған InterContinental отеліне – 25 жыл

Бесжұлдызды қонақ үйге 25 жыл! InterContinental әлемдік отельдер желісінің Алматыда ашылғанына ширек ғасыр болды. Тәуелсіздігімізді алған жылдары бой көтерген нысан әліге дейін шетелдік қонақтарын жоғары деңгейде күтіп келеді.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы Тұрғыт Озал келісімімен алып құрылысты 1992 жылы бастаған. Мейманхана  Тәуелсіздігіміздің 5 жылдығында салтанатты түрде ашылды. 

Бес жұлдызды «ИнтерКонтинеталь» Алматының қақ ортасында орналасқан алып қонақ үй. Оған елімізден бөлек шетелдік туристер, кәсіпкерлер келіп тұрақтайды. Осылайша елден бөлек, әлемге танымал ғимаратқа биыл 25 жыл толып отыр. Әрдайым дәрежесін түсірмеген нысан қонақжайлылық пен жоғары деңгейде қызмет көрсетуін ешқашан естен шығарған емес. 

Мехмет Бирген Кая, Interсontinental қонақ үйінің бас директоры:

- Қонақ үй Тәуелсіздіктің 5 жылдығына арнайы ашылған болатын. Барлық құрал-жабдық Түркия елінен әкелінді. Халықаралық деңгейде қызмет көрсетуді басты мақсат еткен ғимаратта 277 бөлме, 5 түрлі мейрамхана, түрлі жиындар өткізетін 11 зал бар. Осы жылдар аралығында 20 мыңнан аса қызметкер жұмыс істеді. Пандемия кезінде бізде де біршама қиындық туындады. Карантин көп нарсеге үйретті. Содан бері жаңа талаптар бойынша жұмыс істеп келеміз.

Тәуелсіздігімізді алған жылдары елімізде халықаралық деңгейдегі шетелден келетін инвесторларды орналастыратын  қонақ үй болмаған. Олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Тұрғыт Озалмен кездесіп болашаққа бекем жоспар құрды. Сөйтіп шаһардан бесжұлдызды нысанның бой көтеруін көздеді. Араға 4 жыл салып, Тәуелсіздіктің 5 жылдығына орай "ИнтерКонтиненталь" қонақ үйін салтанатты түрде ашты.

Мехмет Бирген Кая, қонақ үйінің бас директоры:

Бастапқыда бізбен бәсекеге түсетін қонақ үй жоқ еді. Ал қазір көптеп салынып жатыр. Десе де біз өз құнымызды ешқашан жоғалтқан емеспіз. Бәсекенің болғаны өте жақсы. Өйткені заманға қарай ілгерілеп даму керек. Қазірдің өзінде бөлмелер 50-60 пайыздан аса қонаққа толы. Ғимарат халықаралық стандартқа сай, сейсмикалық апаттарға толық төтеп бере алатындай етіп салынды.

25 жыл ішінде қонақ үйге ірі кәсіпкерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемдік танымал жұлдыздар келіп жайғасады. Талай халықаралық шаралар да осында ұйымдастырылатын. Сондай-ақ басшылық бәсекеге қабілетті бесжұлдызды қонақ үйді соңғы технологиялармен жабдықтап, тағы да жаңарта түсеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде