Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды
Егемен болған 30 жыл! Бүгін Қазақстан Тәуелсіздік алған күн. Әрбір қазаққа бұл ұлық мереке. Жасампаздық пен жаңашылдық кепілі болған жас мемлекетіміз тағы бір жылды артқа тастады. Осы мерейлік мерекеге орай бүгін Ақордада сарбаздар сап түзеп, мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді.
Автор: Елдос Есенбол
16.12.2021
Осы 30 жылда шекара шегенделді. Миллионнан аса шеттегі қазақ елге көшті. Жаңа Астана салынды. Әлемдік саяси аренада Қазақстан өз айтары, орны бар мемлекетке айналды. «Мұның бәрі Елбасының ерен еңбегі» - деп атап өтті президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Астана Опера» театрында өткен салтанатты жиында мемлекет басшысы 30 жыл ішіндегі елдің жеткен жетістіктерін жіпке тізіп, мерекенің маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Біз осыдан 30 жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Егемендік елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!