Тәуелсіздік-30: НАСА астронавты Қазақстанға ақжарма тілегін айтты
Еліміздің тәуелсіздік мерейтойында ғарыштан да құттықтау келді. НАСА астронавты халықаралық ғарыш станциясынан елімізге деген ақжарма тілегін айтып ағынан жарылды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
16.12.2021
Экипаж мүшелері осы күнге дейін Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатыр. Марк Томас Ванде Хей– бортинженер. Астронавт көк пен жерді байланыстырып тұрған Байқоңырды, қазақ жерінің қасиетін тебірене тілге тиек етті.
Тәуелсіз мемлекетті алғаш болып Америка Құрама Штаттарының мойындағанын және содан бері екі ел арасындағы байланыстың нығайғанын атап өтті. Ол Байқоңырдан осымен екінші рет ғарышқа аттанған. Сондықтан оның ғарышкер ретінде қалыптасуына Қазақстанның өлшеусіз үлес қосқанын жеткізді.
Марк Томас Ванде Хей, астронавт:
- Бұл сондай ғажайып станция, осындай мүмкіндік беріп отырған Қазақстанға алғыс айтамын. Сіздердің арқаларыңызда Халықаралық ғарыш станциясына баруға мүмкіндік алып, маман, ғарышкер атандым. Тәуелсіздіктеріңіздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!