{metadescription}
COVID-19: Жарты жыл ауруханада жатып шыққан әйел дәрігерлерге шексіз риза
COVID-19: Жарты жыл ауруханада жатып шыққан әйел дәрігерлерге шексіз риза

COVID-19: Жарты жыл ауруханада жатып шыққан әйел дәрігерлерге шексіз риза

Эпидахуал жақсара түскен Қостанай облысы «жасыл» аймаққа өтті. Қазір «сары» деңгейде тек үш өңір – Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы қалды. Ал әзірге «қызыл» сызықта ешбір өңір жоқ.

Десе де өткен тәулікте 10 адам қатерлі індеттен көз жұмды. Марқұмдардың арасында бір науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Соңғы дерек бойынша елімізде 575 адам Ковид-19 жұқтырса, 52 жерлесіміздің қос өкпесі қабыныпты.

Соңғы тәулікте Қарағанды облысында вирус жұқтырғандардың қатары көп. Бұл аймақта 105 адам індеттің құрығына іліккен. Дәл қазір 20 мыңнан астам отандасымыз коронавирусқа қарсы ем қабылдап жатыр. Бір қуанарлығы, өткен тәулікте 791 адам коронавирустан емделіп шықты.

Ал дертіне шипа табылған жандардың ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз. Сондай жандардың бірі – ақтөбелік Жанар Сисенбаева өкпесі қабынып неше ай бойы жан сақтау бөлімінде жатқан. Тіпті вирус жұқтырған кезде жүкті болыпты. Жарты жыл дегенде ауруханадан шыққан келіншек дәрігерлердің біліктілігі мен табандылығы арқасында аман қалдым дейді.

Қарлығаш Сисенбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мені жақсы қарады, баласын қарағандай қылып. Бес-алты рет түнде келеді, «қалайсың, жақсысың ба?» деп. Күндіз де келеді. Қалған дәрігерлер де  жақсы қарады. Өзім босандым аппаратта жатып, балам тірі, Аллаға шүкір. 1 де 700 салмағы, брйы 40 см. Қыз бала. Жансақтау бөлімінде қаншама әйел болды, соның бәрі қайтты. Әрқайсының қайтқанын естіп жатамын, жыладым. Осы күнге жеткізгеніне Аллаға шүкір.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде