{metadescription}
Дәрігерлер жүкті әйелдерге вакцинаны қорықпай салдыруға шақырады
Дәрігерлер жүкті әйелдерге вакцинаны қорықпай салдыруға шақырады

Дәрігерлер жүкті әйелдерге вакцинаны қорықпай салдыруға шақырады

Павлодарлық дәрігерлер жүкті әйелдерге вакцинаны қорықпай салдыруға шақырады. Аймаққа Pfizer екпесінің 29 мың дозасы жеткізілген. Алайда оны салғызуға әйелдер аса құлық танытып отырған жоқ.

Өңірде америкалық препаратты 3 мыңнан аса адам қабылдаған. Оның басым бөлігі емізулі баласы бар әйелдер мен жасөспірімдер.  Ал аяғы ауыр жандар екпе қабылдауға асығып жатқан жоқ. Мамандар қазір барынша үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде. Тіпті мереке күндері де тынбай жұмыс жасамақ. Облыста Ковид-19  жұқтыру дерегі сирегенімен, кеселге шалдығып жағдайы ауырлағандар азаймай тұр. Қазір жансақтау бөлімінде 29 науқас жатыр. Тек бір тәулікте 9 жүкті әйелден қауіпті індет анықталған.

Айдар Сейітқазынов, Павлодар облысы  денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Тек 101 әйел америкалық екпені қабылдаған. Кесел жұқтырып ауыр жағдайда жатқан жүкті және емізуде баласы бар әйелдер аз емес. Өкпенің 80-90 пайызы қабынған болса, онда біз көмек бере алмай қаламыз. Оның соңы қайғылы аяқталып жатады. Сондықтан кеселден қорғанудың жолы вакцина екенін еске салғым келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде