Тәуелсіздік-30: Бірқатар өңірде автобустар тегін қатынады
Еліміздің бірқатар өңірінде мерекеге орай автобустар тегін қатынады. Тәуелсіздік күні жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар тұрғындардан ақша алмауға келіскен.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.12.2021
Ел бойынша қоғамдық көліктегі ең арзан жолақы Ақтауда. Ол жақта әдетте автобусқа мінгенің үшін қала ішінде 70 теңге алады. Мерекеде тек облыс орталығында ғана емес, аудандарға қатынайтын автобустар да тегін қызмет көрсетті.
Атырауда тұрғындар екі күн қатарынан қоғамдық көлікте ақы төлемей жүре алады. Жергілікті билік бір күндік тарту аздық етеді деп шешкен.
Ақмарал Танабаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Тәуелсіздік күнімізге арналған күн ғой. Сол күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Рақмет ол сыйлықтарыңызға көп-көп, ризамыз. Қазір №11 автобусқа отырамын, одан №20 аатобусқа отырамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!