{metadescription}
«Алтын емел» ұлттық табиғи паркі 30 жыл бұрын қаланған  
«Алтын емел» ұлттық табиғи паркі 30 жыл бұрын қаланған  

«Алтын емел» ұлттық табиғи паркі 30 жыл бұрын қаланған  

«Алтын емел» ұлттық табиғи паркі Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Тарих бетінде саябақтың құрылуы 1996 жылы болып ресми бекітілгенімен, оның негізі тура 30 жыл бұрын қаланған.

Еліміздегі ең ірі ұлттық паркі тұмса табиғатымен ерекше. Саябақ аумағында бүгінде Қызыл кітапқа енген төрт мың құлан, бес мыңнан астам қарақұйрық, сирек кездесетін өсімдіктер мен жәндіктер де бар. Экология министрлігі былтыр мемлекет қорғауындағы бұл қорыққа инвесторларды тартып, экотуризмді дамытуды көздеген. 2025 жылға қарай жергілікті халықты жаңа жұмыс орнымен қамтуды, туристер санын көбейтуді жоспарлаған. Қазіргі таңда ұлттық паркте 160 адам жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын мұнда 20 мыңнан астам турист келеді. Бұл, әрине, аз.

30 жыл бұрын осы «Алтын емел» қорығының атауын қойып, шекарасын өз қолымен белгілеп, таңғажайып табиғаты бар аумақты сақтап қалуға барын салған бірден бір адам – Ғалым Тұрғамбаев. Бүгінде қоршаған ортаны аялайтын, оны қорғайтын жанашыр азаматтардың аздығы оның жанына батады. Жас ұрпаққа табиғатты сақтау туралы насихаттың аздығы да ардагерді алаңдатады.

Ғалым Тұрғамбаев, «Алтын Емел» ұлттық паркінің негізін қалаушы:

- Парктің басшысы болғанда мектептегі жоғары класс балаларын жинап алып оларға табиғат жөнінде айтатынмын. Сол әңгіме қазір еш жерде жүргізілмейді. Жоқ. Елдің алдында тәрбие, насихат жүргізбесе, қалай сақталады? Ұлттық паркке әкімдер, аудан, ауыл округ әкімдері көмектесуі керек. Олар бұған немқұрай қарайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде