{metadescription}
Білім сапасын бақылау департаментінің көлігін атқылаған – СҚО
Білім сапасын бақылау департаментінің көлігін атқылаған – СҚО

Білім сапасын бақылау департаментінің көлігін атқылаған – СҚО

Солтүстік Қазақстанда білім сапасын бақылау департаментіне тиесілі көлікке оқ атылды. Белгісіз біреулер Hyundai Accent-ті Челябі-Новосібір тас жолында талқандап тастаған.

Мемлекеттік мекемеге тиесілі машина Петропавлдан 100 шақырым жердегі Чистое ауылының маңынан табылған. Терезесі шағылып, есік тұтқасы жұлынған көлік жол жиегінде қалған. Тіпті жүргізуші жақ есігінен оқтардың ізін байқауға болады. Полицейлер көлікті біреулер бытырамен атқанын мәлімдеді. Сөйтсе қараусыз қалған машинаның тізгінінде 25 жастағы жүргізуші  болған. Ол демалыс күндері ешкімге ескертпестен қызметтік көлікті мініп ауылдағы туысқандарына тартып тұрған. Жол-жөнекей көлігі сынып жол жиегіне тастап кеткен. Бірақ темір тұлпарға кімнің оқ жаудырғаны әзірге белгісіз. Қылмыстық іс қозғалып, жүргізушіден сұрақ-жауап алынуда. 25 жастағы жігіт облыстық білім сапасын бақылау департаментіне сегіз бұрын жұмысқа орналасқан.  

Айнагүл Сұрағанова, СҚО білім сапасын бақылау департаментінің басшысы:

- Бүгінгі күні тергеуші органдардың тарапынан болған оқиғаның мән-жәйі анықталып жатыр. Көлік жүргізушісін жұмысқа алған кезде міндетті түрде департамент тарапынан материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жасалды. Сондықтан тергеу аяқталғаннан кейін ол көлікті өз тарапынан жөндеуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде