Күзетшілер екі жылғы еңбекақысын ала алмай қиналып жүр – «ҚазЭкспортАстық»
Көкшетауда күзетшілер екі жылғы еңбекақысын ала алмай сандалып жүр. «ҚазЭкспортАстық» холдингінің ішкі қауіпсіздігін 10 жылдай күзеткен. Ақыры компания ізім-қайым жоғалып, орнына келген жаңа серіктестік оларды есіктен кіргізбей қойыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.12.2021
Жанарбек Ақышев, күзетші:
- Біз өз еңбегімізді талап етіп келіп тұрмыз. Ешкімнен артық ештеңе сұрап тұрған жоқпыз. Екі жыл уәдемен тегін қызмет еттік. Бәріміздің бала-шағамыз бар. Ешкім бізді естімейді, ешкімге керек болмай қалдық!
Ашуға булыққан күзетшілер әділдік іздеп шарқ ұрып жүр. Өйткені «ҚазЭкспортАстық» холдингі бір жыл бұрын қарызға белшесінен батып жабылып қалған. Ал оның күзетшілері Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 300 мың гектардан аса егістік алқап пен ондаған элеваторды қарауылдапты. 20 шақты қызметкерге холдинг 33 миллион теңге қарыз Тіпті соңғы екі жылда зейнетақы қорына да бір тиын аударылмапты.
Қызметтік көліктің қосалқы бөлшектері, жанармай, іс-сапар шығынын да өз қалтасынан төлеген. Қалтасынан жұмсалған ақшаның есебін компания мойындап, сот күзетшілердің пайдасына шешім де шығарды. Бірақ жаңа серіктестік ескі қарызға «қатысымыз жоқ» деп отыр.
Александр Ивахненко, заңгер:
- Іс жүзінде жаңа компания «ҚазЭкспортАстықтың» жері, мүлкімен бірге қарызды қайтару туралы да міндеттеме алды. Бірақ мына қызметкерлерге қолында сот шешімі бола тұра, 33 миллион теңге қарызын қайтармай отыр. Мен ол компанияға қызметкерлердің тізімін, сот шешімін, қарыз мөлшері көрсетілген құжаттарды толық жібердім. Олардың ңбілмеймізң деуі бекер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!