{metadescription}
Жүрмейтін көлік иесі салықтан босатылуы мүмкін
Жүрмейтін көлік иесі салықтан босатылуы мүмкін

Жүрмейтін көлік иесі салықтан босатылуы мүмкін

Жүрмейтін көлік иесі салықтан босатылуы мүмкін. Осындай амнистияны қаржы министрлігі ұсынып отыр. Жеңілдік бірінші кезекте жол апатынан кейін жөндеуге келмейтін, иесі қайтыс болған немесе басқа елге көшіп кеткен көліктерге қатысты. 

Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі:

- 60-70 жылдары шыққан көліктер әбден ескірген, тіпті жүрмейді де. Кей автомобильдер ұрланған, кейбірі бөлшек саудада сатылып кеткен. Олардың нөмірі керексіз боп бір жерде қалған болу керек. Үкіметке тиісті ұсыныстарды беріп отырмыз. Ескі  көліктерге қатысты рақымшылық жасаған дұрыс. Өйткені ол көліктер нақты жоқ екені анық. Сондықтан ішкі істер министрлігімен бірлесе бұл жұмысты атқарып жатырмыз.

Былтыр 10 мың азаматтың көлік салығы дұрыс есептелмей, олар e-Salyq  қосымшасына қайта шағымданған. Біразы қаржы министрлігі тізген санаттағы азаматтардан. Яғни автокөлігі талай жылдардан бері жоқ болса да, салыққа қарыз еселене берген. Кейін қаржы министрлігі мен ішкі істер министрлігі бір миллионға жуық адамның дерегін жаңартып шығыпты. Мыңдаған адамның көлікті өз атынан шығармай сенімхатпен сата салғаны анықталған. Ал бұл жағдайда көлік салығы бұрынғы иесіне келе береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.