{metadescription}
Қайыңды көлі бақылауға алынды  
Қайыңды көлі бақылауға алынды  

Қайыңды көлі бақылауға алынды  

Ұлттық парк басшылығы табиғатқа қастандық жасайтындармен күресу үшін туристік аймаққа бейнебақылау камерасын орнатуды жоспарлап отыр.

Ержан Қалматаев, «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ директоры:

Былтырғы да емес, сол күні де жазылмаған. Өйткені қардың беті аппақ, бетінде іздер болатын еді. Жазу сол күні өшірілді. Көлдің алдындағы инспекторлар санын екі есеге ұлғайттық. Мұзға шығуға болмайды деген белгілер де орнатылды. Келесі жылы электр желісі жүргізіліп, бейнекамералар орнатылады. Сол кезде осындай фактілерге жол бермеуге мүмкіндік туады.

Өткен жұмада эко-белсенділер Қайыңды көліндегі ғасырлық шыршаларды бүлдіріп жатыр деп дабыл қаққан. Әлеуметтік желіге таралған видеодан көлдің астынан өсіп тұрған ерекше ағаштарға бәз біреулер есімін ойып жазып кеткен. Ал видеоның авторымен қоса ондаған адам мұз болып қатқан көлдің үстінде емін-еркін жүр. Полиция көпшіліктің ашуын туғызған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғаған жоқ. Тәртіп сақшылары кінәлілерді табу өте қиын екенін жасырмайды. Жыл басынан бері «Көлсай көлдері» табиғи паркінің инспекторлары дәл осылай тәртіп бұзған 40-тан астам адамға әкімшілік хаттама толтырыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.