{metadescription}
Ақтауда биыл пайдалануға берілген «Флоренс»  тұрғын үй кешені өртеніп кетті
Ақтауда биыл пайдалануға берілген «Флоренс»  тұрғын үй кешені өртеніп кетті

Ақтауда биыл пайдалануға берілген «Флоренс»  тұрғын үй кешені өртеніп кетті

Ақтауда өртке оранған көпқабатты «Флоренце» үйінің тұрғындары құрылыс сапасыз салынған деп шағымданды. Өрт сөндіру кезінде сумен жабдықтау жүйесі сыр берген. Сондықтан өрт тағы тұтанса, тірідей жанып кетеміз бе деп қорқады.

Өртенген аумақ қоршауға алынып, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция тексеру жүргізіп жатыр. Ал мердігер мекемеге уақытша баспанасыз қалған тұрғындарды  қонақ үйге жайғастырыпты.

Ақтаудағы  «Флоренце» тұрғын үй кешеніндегі өрт кеше түскі сағат үш шамасында тұтанған. Лезде күш алған жалын 500 шаршы метр аумақты шарпып үлгеріпті. Абырой болғанда 16 қабатты үйдің тұрғындары тегіс аман. Оқиға орнынан 100 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бірақ өрт сөндірушілер өрт сөндіруге су таппай сабылыпты. Өйткені кешенде өрт гидранттары жұмыс істемейді дейді тұрғындар. 

Дина Қазығараева, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Ешқандай өрт қауіпсіздігі ақталмаған. Гидрант, шлангтары жоқ. Бәрі бос тұр. Су жоқ. Суды мына қасымыздағы көрші бизнес орталығынан алды. Мына жақтағы басқа тұрғын үй кешендерінен алды. Демек өзімізде су жоқ. Өрт тағы қайталанбайтынына кепіл бар ма?

Бір сәтте далада қалған тұрғындар уақытша қонақ үйге орналастырылды. Өртенген үйді салған мердігер бар шығынды өз мойнына алыпты. Бірақ құрылыс компаниясына халық сонда да риза емес. Өйткені құрылыстың сапасыз салынғанын айтқан тұрғындар пәтерлердің көлемі де құжатқа сай келмейді дейді.

Мұхамеди Салназаров, Ақтау қаласының тұрғыны:

Маған сатқан кезде шаршы метрін 76,7 деп берді. Техпаспортқа шығарған кезде 71,3 болып шықты. 5,40 шаршы метрі жетпейді. Бұл эксплуатация өтіп, пайдалануға берілген кезде.  Сонда ойлап қараңыз, 1 млн 300 айырмасы шығып тұр. Үш рет бардым. Ешқандай арызға қарамай отыр.  

Ал құрылыс компаниясының өкілдері өрт қауіпсіздік шаралары сақталған деп ақталды. Тіпті өрт басталғанда тұрғындарды өз күшімізбен қауіпсіз жерге көшірдік дейді. Тілсіз жаудың зардабына қолдан келгенше көмектесеміз деп отыр.

Бақыт Меңдібаев, құрылыс компаниясының өкілі:

- Өрттен пәтері зардап шеккен  тұрғындарды қонақ үйге орналастырдық. Ішетін тамағын алып бердік. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрт мансардтағы пәтерге жөндеу жүргізіліп жатқанда шыққан. Яғни қауіпсіздік шаралары сақталмаған деген болжам жасалып отыр. Нақтысын алдағы уақытта төтенше жағдайлар департаменті хабарлап айтады.  

Қазір өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдай департаменті тілсіз жаудың неден тұтанғанын анықтап жатыр. Шығын көлемі де енді есептеледі.

304 пәтерлі «Флоренс» тұрғын үй кешені биыл ғана пайдалануға берілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде