{metadescription}
COVID-19: Жаңа жыл мерекесінде КВИ жұқтырғандар көбею мүмкін
COVID-19: Жаңа жыл мерекесінде КВИ жұқтырғандар көбею мүмкін

COVID-19: Жаңа жыл мерекесінде КВИ жұқтырғандар көбею мүмкін

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны үш есеге азайды. Соңғы тәулікте тек 379 адамнан КВИ табылған. Сондықтан кей өңірлерде жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат берілді.

Бірақ карантин талаптары толық сақталуы тиіс. Қазір республика бойынша тек үш өңір «сары» аймақта қалды. Ондағы жағдай да жақсарып келеді дейді мамандар.

Ақтөбе облысындағы ауруханада бұған дейін вирус жұқтырып түскен 41 адам ем алып жатыр. «Жеті науқастан өзгесінің жағдайы жақсы», - дейді дәрігерлер. Мейрам күндері КВИ жұқтырғандар мүлдем тіркелмепті. Тек кеше бір баладан ғана коронавирус табылған.

Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Тәулік ішінде коронавирус инфекциясының бір жағдайы тіркеліп отыр. Бұл 14 жасқа дейінгі бала арасында болып отыр. Үй карантинінде қазіргі күні 194 адам медициналық бақылауда. 

Маңғыстаулық санитар мамандар жаңажылдық сауық кештеріне рұқсат берді. Тек тойлауға келген меймандардың саны жүзден аспаса болғаны. Онымен қоса қонақтарды «Ашықпен» тексеріп кіргізеді. «Жасыл» деген мәртебеге ие болғандарына жол ашық. Бұл аймақта соңғы тәулікте тек үш адамнан вирус анықталыпты. 

Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:

- Бүгінгі таңда корпоративтік кеш жайлы нақты шешім айтылмаған. Бүгінде  қаулыға сәйкес, өңірде түрлі шаралар өткізуге рұқсат берілген. Қазір «Ашық» жүйесі арқылы «жасыл» статусы бар 100 адамға дейін жаңажылдық кешті тойлауға рұқсат беріліп отыр.

«Сары»деңгейде тұрған Ақмола облысының санитарларық жағдайы тұрақталғандай. Алайда КВИ анықталған 320 науқас жұқпалы аурулар ауруханасында төсекке таңылған. 38-інің хәлі өте ауыр. Соңғы тәулікте өңірде індеттен айыға алмаған 5 адам бақилық болды. «Арқаны кеңге салуға болмайды, - дейді дәрігерлер. Өйткені бірнеше күн қатарынан демалыс болып, тұрғындар карантин шараларын сақтамай жайбарақат жүргені байқалған. Вирустың  инкубациялық кезеңі 14 күн десек, Жаңа жыл мерекесінде коронавирус жұқтырғандар көбеюі де ғажап емес.

Айнагүл Мусина,  Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:

- Өткен аптаға қарағанда жағдай біршама тұрақталғандай. Соңғы тәулікте 50 адамнан індет анықталды, яғни, 26 адамға азайды. Қуануға әлі ерте. Тұрғындардың карантин шектеулерін сақтамауы алаңдатып отыр. Оның үстіне ауа райының құбылуы инфекциялық ауруларды қоздырып отыр. Тұмауратқандар өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 2,5 есе көбейді.

Қазір «қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ. Ал «сары» аймақта Ақмола, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бірер күнде мұндағы эпиджағдай жақсарып, «жасылдағылардың» қатарына қосылады деген үміт бар. «Ол үшін сақтық шараларын ұстанып, санитарлық талаптар орындалса болғаны», - дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде