Өскеменде ТМК будақтаған қызыл түтіннің құшағында қалды
Өскемендегі титан-магний комбинаты будақтаған қою қызыл түтіннің құшағында қалды. Алайда өндіріс ошағында не болғаны әзірге белгісіз.
Автор: Ұлан Нұрахмет
21.12.2021
Комбинаттан будақтаған қызыл түтінді тұрғындар видеоға түсіріп әлуметтік желіге жүктеген. Жұрттың бірі онда апаттық жағдай орын алды десе, енді бірі экологияны оңдырмай ластап жатыр деп дабыл қағуда. Алайда төтенше жағдай қызметкерлері қандай да бір апат тұралы ақпарат түскен жоқ деп жайбарақат отыр. Ал экология департаменті ауаны ластау дерегі бойынша тексеріс бастады. Мамандар қазірдің өзінде ауа тараған хлор ластаушы заты қалыпты деңгейден төрт жарым есе көп дейді.
Рауан Тұраров, ШҚО экология департаменті бастығының орынбасары:
- Өскемен қаласының тұрғынының атынан арыз-шағым түсті. Соған сәйкес прокуратура мекемесінде жоспардан тыс тексерісті тіркедік. Қазір мекеме басшылығын таныстыру жұмыстарын жүргіземіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!