{metadescription}
ROI: Оралда 20 салымшы баспанаға ие болды
ROI: Оралда 20 салымшы баспанаға ие болды

ROI: Оралда 20 салымшы баспанаға ие болды

Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық. Оралда ROI  тұтынушылар кооперативінің 20 салымшысы баспанаға ие болды. Жаңа кешендегі алғашқы үй тапсыруға дайындалып жатыр. Тұрғындарға жөндеу жұмысын бастай беруге рұқсат та берілді. Олар кооперативтің тиімді бағдарламасының арқасында бұл пәтерлерге қол жеткізді.

Бақтыгүлдің бүгін бақыттан басы айналып тұр. Тағатсыздына күткен тілегі екі жылдан кейін орындалды. Мейрам қарсаңында үш бөлмелі пәтердің кілті қолына тиді. Айтуынша, «Рой» тұтынушылар кооперативіне мүшелікке өту ең дұрыс қадамы болды.

Бақтыгүл Бөкешева:

- Бізге өте қуаныш сыйлаған «Рой» кооператив ұжымына алғыс білдіреміз. Өзіміздің отбасымыздың атынан. Біздің енді осындай үш бөлме алып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Тек осы үйде жақсылыққа толы болсын дейміз.

ROI тұтынушылар кооперативі осыдан үш жыл бұрын құрылған болатын. Аз уақытта олар арқылы мыңнан астам қазақстандық өз арманын жүзеге асыра алды. Бүгінде елдің 26 қаласында филиалдары бар. Кооперативтің көксегені- тиімді шартпен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету.

Арген Нұржанов, ROI тұтынушылар кооперативінің төрағасы:

- Алдағы мақсатта өркендеп, өзіміздің жаңа үйлерімізді салып бастадық. Және мыңнан астам, яғни 1300 пәтер қазақстандықтарға біздер пәтер бердік. Неге біздің кооператив дейтін болсақ, ол пайызсыз баспана болғаннан кейін және де бөліп бөліп төлегеннен кейін көп адамдар бізді таңдауда.

«Рой» тұтынушылар кооперативі коммерциялық ұйым, я қаржы пирамидасы емес екенін алға тартады. Сондықтан да, пәтерді ешқандай пайызсыз, бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Қазірдің өзінде олардың қызметіне қызыққан қазақстандықтар қатары артқан

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.